^На верх
foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

КГКП «Детский сад №13» акимата г.Рудного

БАЛАЛАРДЫҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

                                                                                                                             02.04.2020

Тағамның маңыздылығы – ол баланың ақыл-ой өрісінің дамуы мен қалыптасуы, орталық нерв жүйесінің дамуы, қоршаған орта факторларының қолайсыз әсеріне төзімділігіне жауап береді. Баланың жасына сай организмге қажетті пластикалық және энергетикалық материалды үйлесімді тамақпен толық қамтамасыз етілуі керек.Тамақтың алуан түрлі болуын қадағалау, тамақтың әр түрлі топтарынан алынған өнімдерді қолдану керек. Тамақтану өнім-дерінің құрамына әр түрлі мөлшерде және пропорцияда болатын қажетті қоректік құндылықтар кіреді. Қоректік заттардың жетіспеуін болдырмау үшін, күнделікті ас мәзірінде барлық топтардан алынған өнімдерді ескеру керек: дәнді өнімдер, көкөністер мен жемістер, сүт және оның өнімдері, құрамында құнды белок бар тамақ. Тамақтың құрамында өсімдік белоктарының және мал белоктарының қоспасы болуы тиіс, себебі сонда ғана біз бала организміне қажетті амин қышқылдарының түсетініне сенімді боламыз. Белоктан басқа, үлкендермен салыстырғанда балалар кальций, фосфор жіне темір сияқты минералдық компоненттерді, сондай-ақ негізінде A, D, B1, B2, C PP дәрумендерін көп қажет етеді. Балаларға ауыр қорытылатын өнімдерді – көп мөлшердегі майға қуырылған (котлеттер, фри картобы, қуырылған картоп және т.с.с.) бермеңіздер, сондай-ақ қырыққабатты және қырыққабат тұқымдас көкөністерді (гүлді, брюссель қырыққабаты), пиязды, ірі бұршақ өсімдіктерін, әсіресе құрғақ (тек жасыл бұршақ пен үрме бұршағы) шамадан тыс көп бермеуге тырысыңыз. Кішкентай балалар кремі бар пирожныйларды және майының мөлшері көп пісірілген тәтті нандарды (мысалы, француз бөлкелері) жемеуі керек. Сондай-ақ балалар-ға қуырылған картоп, «фастфуд» сияқты қатты өңдеуден өткен өнімдерді жегізбеуге тырысыңыз. Балалар тамағын әзірлеу үшін тағам концентраттар (құрғақ көжелер, сорпа текшелері, «вегета» және т.с.с.) пайдаланылмауы тиіс, себебі олардың құрамында жасанды қосындылардың, тұз бен консерванттардың мөлшері шамадан тыс. Балаларға газдалған сусындарды немесе жасанды бояғышы бар сусындарды бермеген дұрыс. Олардың көкөніс және жеміс шырындарын ішкені дұрыс. 3 жасқа дейінгі балаларға міндетті түрде сертификаты, балалар тағамына рұқсат етілген шырындарды сатып алу керек. Себебі, олардың құрамында пайдалы емес қосындылар болуына мұқият тексерістен өткеніне кепілдік береді. Мектеп жасындағы балалардың ас қорыту ағзаларының созылмалы ауруы жиі кездескендіктен, бала организміне тағаммен дәрумендер мен минералдар толық түсіп түру керек. Сондықтан, балаларды жастайынан дұрыс тамақтану тәртібіне үйреткен жөн. Балаларға келесі тәртіппен тамақтанған жөн:

-көп тамақ ішпеу;

-тамақ ішіп отырған уақытта бөгде іспен айналыспау (кітап оқу, теледидар көру);

-майлы, тәтті, ысыталған және ащы тағамдарды, газдалған сусындарды көп пайдаланбау;

-тамақты тез ішпеу, бірыңғай құрғақ тамақтарды ғана қабылдамау, жүріп келе жатып тамақ ішпеу;

-чипсылар «кириешкилер», шоколадты батондар, гамбургерлер, чизбургерлер, пиццалар денсаулықты бірте-бірте білдіріп бұзады.

Дұрыс тамақтану тәртібіне мыналар жатады:

-тамақты белгілі бір уақытта, күніне 4-5 рет қабылдау керек. Тамақтардың әр түрлі болғаны жақсы.

-Таңертеңгі ас — міндетті түрде ыстық болсын (қарақұмық немесе сұлы жармасы), бұған қоса сүт өнімдерінің бір түрі, көкөністер салаты, қара нан.

-Екіншіден — жеміс немесе көкөніс шырындары, болмаса сүт, айран, жемістердің (банан, алма, алмұрт, апельсин, т.б.) біреуі.

-Кешкілік ас — жеңіл болуы керек. Оның негізінен сүт, айран өнімдерінен, жемістерден немесе көкөністерден, жармалардан болғаны жақсы.

- Балалар тамағының аса маңызды бөлегі су болып табылды. Негізінен қолданылатын табиғи сұсындар болуы керек.

-көкөніс пен жемістердің шырындарына, компотқа, морсқа, көк шайға, болмаса табиғи ауыз суға басымдық берілуі тиіс;

-қабылданатын тағамның температурасы қатты ыстық немесе суық болмауы керек.

тамақтың құрамына жеткілікті мөлшерде витаминдер мен минералды заттар болсын;

-тәулігіне қабылданатын шикі көкөністер мен жемістердің мөлшері 400 граммнан кем болмасын;

-балалардың тұрақты белгілі бір уақытта тамақтанғаны жөн;

-бала тамақтанып отырғанда жазалауға мүлдем болмайды;

-бір түрлі тамақты күн сайын ішпеген абзал;

-қысқа үзіліс кезінде жиі-жиі әрі тез (қамырға орап пісірілген сосиска, гамбургер) тамақтар қолдану, семіздікке, зат алмасу бұзылыстарына, қан тамырларының атеросклерозы мен ағзаның ерте қартаюына әкеліп соқтырады.

Балалар тамақтануында келесі кеңестерді сақтауға ұсынамыз:

-Ми клеткалары В тобындағы дәрумендер мен никотин қышқылынсыз (РР) дұрыс жұмыс істей алмайды, сондықтан, тағам құрамында балық, бұршақ дақылдастар, жарма, картоп, сүт өнімдері, жұмыртқа, ірі үгітілген ұннан пісірілген нан, ашытқының болғаны дұрыс.

-Майшабақ, нәлім, сардина, тунец балықтары балалардың ақпараттарды қабылдау қабілетін арттырады.

-Ауыр жұмыс істегенде, жаңғақ шаршағанды басады.

-Калий мен кальций ой қызметін жақсартады, ол минералдар кепкен өрікте, жүзімді, пісірілген алмада, йогуртте, ірімшікте, тағы басқа да сүт өнімдерінде көп кездеседі. Ас шаян, кальмар, теңіз шаяны сияқты су жәндіктері зейін қабілетін жинақтауды күшейтеді.

-Банан баланы күйзеліс жағдайдан айықтырып, сергектік пен өзіне деген сенімділікті, ширақтылықты арттырады.

-Есте ұстаңыздар! Тамақ дәмді, пайдалы және әр түрлі болсын. Сонда балаларға тағам күш қуат беріп, ақыл - ойды қүшейтеді. Дұрыс тамақтанған балалар – болашақтың сұлу да, сымбатты азаматы болып саналады.

Copyright 2013  Тамшы\Капелька